Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осы лауазымды атқарған Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Тоқаевтың өкімімен қызметінен босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805805-aruzan-sain-bala-kkyktary-znindegi-ukil-kyzmetine-tagajyndaldy/