Мемлекет басшысы Сәуле Айтпаеваны қызметінен босатты
Опубликовано:
Қасым-Жомарт Тоқаев Сәуле Айтпаеваны Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатты деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды",- делінген хабарламада.
Айтпаева бұл орынға 2018 жылдың 12 маусымында келген. Бүгін аталған қызметке Аружан Саин тағайындалғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805835-memleket-bassysy-sule-ajtpaevany-kyzmetinen-bosatty/