"Жүк көлігі қаққан": Сарыағаш әкімдігі балқыған бағдаршамға қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Сарыағаш әкімдігі күннің ыстығынан балқып кетті деп болжанған бағдаршамға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олар бағдаршам ми қайнатар ыстықтан бүлінбегенін, оны жүк көлігі қағып кеткенін айтқан.
"Сарыағашта күннің ыстығынан бағдаршам балқып кетті деген мақалаға қатысты айтарымыз: 17.07.2019 жылы сағат 10:30-да республикалық маңызы бар А-15 "Шымкент-Жетісай" мен Қазыбек би көшелері қиылысында үлкен жүк көлігі бағдаршамды қағып кеткен.
Оқиға орнына жол-патрульдік полиция өкілдері келіп, бағдаршамды жөндеу қаражатына қатысты хаттама толтырып кетті.
Қазіргі таңда "Сарыағаш-Тазалық" МКК бағдаршамды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді әкімдік.
Қуантарлығы, бағдаршам аз уақыттан соң қайта қалпына келтіріледі екен.
Айта кетейік, бұған дейін аудан тұрғыны бүлінген бағдаршамды ыстықтан балқып кеткенін айтып, оны видеоға түсірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806008-zk-kligi-kakkan-saryagas-kimdigi-balkygan-bagdarsamga-katysty-pikir-bildirdi/