Тойда қызымен бірге билеген әке жұрттың ішек-сілесін қатырды (видео)
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде қызының тойында би билеген әкенің видеосы пайда болды. Аталған бейнежазба желі қолданушыларының көңілінен шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрдан тойдың үстінде қызымен бірге ырғақты би билеген әкені байқауға болады. Видео Instagram-дағы kazakhtm парақшасында жарияланған.
Көңілді биді тамашалаған желі қолданушылары"бишілерге" риза болды.
"Көріп отырып езуім жиылмады. Ата-анасы да, ерлі-зайыптылар да бақытты болсын!", "Міне қызы үшін әке деген", "Күшті, екінің бірінің қолынан келе бермейді мұндай іс", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806051-tojda-kyzymen-birge-bilegen-ke-zrtty-isek-silesin-katyrdy-video/