Желіде тараған аудиожазбаға қатысты Абисатов атынан мәлімдеме жасалды

Опубликовано:

NUR.KZ редакциясына ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Махамбет Абисатовтың пікірі бар хат келді. Сканерленген құжатта бұрынғы вице-министрдің "болжалды" қолы да бар. Хабарламаны редакцияға «Jasaq» тобы жолдаған.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: Twitter

Онда 31 мамыр күні желіде Ақтөбе облысы полициясы басшысы қызметіндегі Махамбет Абисатовтың қоластындағыларды сөгіп жатқан аудиожазбасы тарап кеткендігі туралы жазылған.

"Сонда болғандардың телефонына жазылған ішкі қызметтік әңгіме сондағы лас ойынның қаруына айналды", - деп жазылған хатта.

Автор генерал-майор барлық жауапкершілікті түсініп, қызметінен өз еркімен кетуі туралы рапорт жазғанын да баяндаған.

Алайда ол рапортқа тек бір ай өткен соң ғана, яғни бүгін ғана қол қойылған. Сол себепті Махамбет Абисатов көпшілікке аталған мәселе бойынша түсініктеме беруді жөн көрген.

Хатпен бірге редакцияға генерал-майордың өзі қолын қойған, "болжалды" өтінімі де бірге келген. Онда Абисатов "Кез келген жерде айтып бере аламын" деген дауысы бар аудиодыбыстың рас екені жазылған.

"YouTube-те таралған аудиороликтерге қатысты – иә ол сөздерді расымен мен айттым, оны жиналыста айтқанымды да мойындаймын. Ол 2017 жылдың қараша айында жақын үш-төрт адамның арасында айтылған әңгіме еді.
Оны жұртқа жариялап жібергендер – дыбысты заңсыз жазып, оны монтаждап, әлеуметтік желіге салып жібергендер болып отыр", - деп жазылған хабарламады.

Бұдан бөлек, онда бұрынғы вице-министрді не себепті осы күнге дейін еш пікір білдірмегені айтылған.

"Мен командирлер мен қоластындығаларымның арқасына тығылған жоқпын. Сондықтан осы жылдың 1 маусымында-ақ қызметімнен кету жайлы рапорт жаздым, процедуралық мәселелердің шешілгенін күтіп, болған мәселеге қатысты пікір білдіре алмадым",-делінген хатта.

Сондай-ақ, автор қоластындағыларға дөрекі қарым-қатынас жасаған Әбісатовтың әрекеттерін түсіндіруге тырысқан.

"Полиция мен сияқты емес, онда мәдениеті жоғары адамдар аз емес. Мен өмір бойы алдыңғы қатарда жұмыс істедім және өкінішке қарай, өзім 36 жыл бойғы қызметімде қоғамды қылмыстан қорғаған бөліктің тілін де үйреніп шықтым.
Ақ қолғаптағы кірді тазалай алмайсың, басқа салада жұмыс істей келе мен қазір тасада басқаша сөйлеп шығар едім. Өзімді ақтамаймын, басқаларды да осындай қажетсіз кәсіби ұстанымдардан аулақ жүрсе екен деймін", - деп жазылған мәтінде.

Хатта Абисатов сол күні аудиожазбада тіл тигізген адамдардан кешірім де сұраған.

"Сол кезде қызуқандылықпен біреуге ауыр тиетін сөздер айтуға жол бердім. Кейбір адамдардың атсалысуымен ол сөздердің бәрі көпке жарияланып кеткендіктен, әлсіздігімнен емес, ар-ұятым бар болғандықтан, сол сөздерді жүрекке жақын қабылдаған барлығынан кешірім сұраймын", - деп жазылған хатта.

Айта кетейік бүгін ІІМ төрағасы орынбасары қызметінен кеткені туралы белгілі болған еді.

Шенеунікке қатысты бұған дейін қызметтік тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806053-zelide-taragan-audiozazbaga-katysty-bisatov-atynan-mlimdeme-zasaldy/