Көлгінов - үлестік құрылысшыларға: "Адамдарға бос уәде берудің қажеті жоқ"

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 51 үлестік құрылыстың проблемалы нысанының үшеуінде болып қайтты деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елода әкімі қараған алғашқы нысан - "Орбита" ТК. Ол рұқсат беру құжаттарының жоқтығына қарамастан салынып, тұрғындарды қоныстандырды. Көлгінов ғимаратты техникалық зерттеу қажеттігін атап өтті.

Екінші тұрғын үй кешені - "Жасыл Астана" ТК құрылысы 2009 жылы басталып, жұмысын тоқтатты. Оларды тек 2016-да инвесторлардың арқасында қайта жандандырды. Үлескерлер ипотека төлейді, алайда, пәтеріне кіре алмайды.

Әкім қарап шыққан "Загреб" тұрғын үй кешені үлескерлерінің мәселесі 4 жылдан бері шешіліп келеді, бірақ әзірге нәтиже жоқ.

Алданған үлескерлер әлі күнге дейін инвестормен келіссөздер жүргізуде.

"3 жыл ішінде екі үй салуға болады. Адамдарға бос уәде берудің қажеті жоқ. Бір рет салуға уәде берілсе - салу керек", - деп атап өтті Күлгінов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806171-klginov---lestik-krylyssylarga-adamdarga-bos-ude-berudi-kazeti-zok/