Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың аптап ыстықтан қашан демала алатыны анықталды

Опубликовано:

Қазақстанның кейбір аймақтарында 20-21 шілдеде күн суытып, жаңбыр жауады, алайда еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Синоптиктер Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы төмендейді деп болжауда. Жақын күндері мұнда жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.

Қатты ыстықтан солтүстік өңірлердің тұрғындары демала алады: сарапшылардың мәліметінше, республиканың солтүстігінде бұршақ жауып, тұман түседі.

Синоптиктер Түркістан және Қызылорда облыстарында, еліміздің батысы мен шығысында, сондай-ақ Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарында күшті жел соғады деп болжам жасады.

Ыстық ауа райы республиканың барлық оңтүстік және батыс аймақтарында сақталады. Қарағанды мен Қостанай облысында да ауа райы ашық болады.

Қазақстанның бұл бөліктерінде өрттің шығу қаупі сақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806195-kazakstandyktardy-aptap-ystyktan-kasan-demala-alatyny-anyktaldy/

pixel