"НЛО ұшып жүр": Тұрғындар аспандағы белгісіз нысанды видеоға түсіріп алған
Опубликовано:
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде түнгі аспанда жарқырап ұшып бара жатқан нысанды түсіріп алған видеоларымен бөлісуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазба күні кеше 20-шы шілдеде кешке таман түсірілген.
"Шамамен батыстан шығысқа қарай аспанда көлденең аса қатты жылдамдықпен нысан ұшып өтіп, біраз уақыттан соң көз алдымызда жоғалып кетті", - деп хабардар етті қазақстандық.
Куәгерлер мұны НЛО деп болжаған.
"Әуежай ауданында НЛО ұшып жүр. Олардан бізге не керек. Оларды кім жіберді", - дейді өскемендік видео авторы.
РИА "Новости" порталының хабарлауынша, жұрт байқаған аспандағы нысан ешқандай НЛО емес, Байқоңырдан "Союз МС-13" ғарыш кемесімен ұшырылған "Союз-ФГ" зымыраны.
Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғашыкер Александр Скворцов, америкалық ғашыкер Эндрю Морган және Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕКА) ғашыкері италиялық Лука Пармитано аттанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806251-nlo-syp-zr-kazakstandyktar-aspandagy-belgisiz-nysandy-videoga-tsirip-algan/