Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев демалысқа қарамай Алматыдағы проблемалық орындарды аралап шықты

Опубликовано:

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің жеке аккаунтарында тұрғындардың қалдырған өтініштеріне құлақ асып, бүгін оңтүстік астанадағы проблемалық орындарды аралап шыққан. Бұл туралы Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: primeminister.kz
Бақытжан Сағынтаев. Фото: primeminister.kz: Depositphotos
"Бүгін менің аккаунтарыма қала тұрғындары қалдырған проблемалық орындарға шықтым. Наурызбай ауданы, Ақжар ықшамауданы. Молдағұлова көшесі (Мақаншы – Жабай), Жауқазын.
Көтерілген мәселе орынды. Ауыз су, жарық, жол, тұрақты қоғамдық көлік қатынасы — халықтың өмір сапасын жақсартуға негізделген. Барлық мәселе бір-бірімен байланысты. Мәселені рет-ретімен шешу міндеті тұр.
Біріншіден, ауыз су мәселесі, яғни орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосу.
Екіншіден, көшеге жарық қою керек.
Үшінші мәселе, желілерді төсеу бойынша жер қазу және құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған соң жол мәселесі ретке келтіріледі.
Барлық мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Басымдық ауызсуға беріледі!", - деп жазды Алматы әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806256-sagyntaev-demalyska-karamaj-almatydagy-problemalyk-oryndardy-aralap-sykty/

pixel