Шымкентте біреулер атып кеткен бизнесменнің өліміне қатысты тың дерек шықты
Опубликовано:
Шымкентте тапа-тал түсте белгісіз біреулер атып кеткен ауқатты бизнесменнің өліміне қатысты тың дерек шықты. Полиция қылмыскерді құрықтау үшін жедел-іздестіру шараларын қолға алған деп хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте 19 шілде күні тапа-тал түсте белгілі кәсіпкерді атып кеткен еді. Оқиға қаладағы Арай көшесінде орын алған. Сенімді ақпарат көздері берген мәліметке сәйкес, ол өз үйінен Lexus көлігімен шығып бара жатқан екен.
Сол сәтте оны коммуналды қызмет қызметкерлерінің сары түсті киімін киген белгісіз біреулер атып кетеді.
Алған жарақатына байланысты 55 жастағы бизнесмен ауруханада қайтыс болды. Оқиға орнына жедел-іздестіру тобы мен кинологтар барған. Олар бүгінде оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Шымкент қаласы полициясында бүгінде азамат өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда қылмыскерді құрықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу шаралары қолға алынды", - деді ведомство өкілдері.
Әзірге тек кәсіпкердің табысты көп әкелетін арнайы техниканы жалға беру бизнесінің болғандығы белгілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806647-symkentte-bireuler-atyp-ketken-biznesmenni-limine-katysty-ty-derek-sykty/