Алматыда төрт судья жұмысынан босатылды

Опубликовано:

Алматы қаласында соңғы алты айда өрескел заң бұзған төрт судья қызметінен босатылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов мәлімдеді.

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы Надежда Каралуппа, Түрксіб аудандық сотының судьясы Бибігүл Хасанова, Әуезов №2 аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке, Медеу аудандық сотының судьясы Нұрлан Бегайдар қызметінен соңғы жарты жыл ішінде кеткен.

"Нұрлан Бегайдар азаматтық істі қарау кезінде заңбұзушылыққа жол берді. Жеке тұлғаның Ұлттық Банк алдындағы кепілдік міндеттемелері 25 млрд теңге болатын. Судья оны Ұлттық Банкке берген кепілдемесі ұзақ уақытқа негізсіз жарамсыз деп таныды", - деді ол.

Судья Надежда Каралуппоның заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық істі қарау кезінде өрескел заңбұзушылық жасағаны белгілі болды.

Судья Хасановадан мүлікті пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған кезде процессуалдық заңды өрескел бұзу фактісі анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806780-almatyda-trt-suda-zmysynan-bosatyldy/