Алматыда пара алды деген күдікке ілінген судья ақталды
Опубликовано:
Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктелген Андрей Штейнке судья ақталып шыққанын мәлімдеді деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сот айыпталушының кінәсі дәлелденбегендіктен Штейнкені ақтап шықты. Сот өкілдері судьяның әрекеттерінде соттың этикалық нормалары мен процессуалды емес байланысына қайшы келетін тұстары бар екенін жеткізді.
Әбдіқанов №2 Әуезов аудандық сотының судьясы Андрей Штейнкені қызметінен босатылғанын хабарлады. Судьялар этикасы бойынша құрылған комиссия бұрынғы сот қызметтерінің әрекеттерінде теріс қылық фактісін анықтады.
Штейнке процессуалды емес байланысқа түскен. Соттың мәлімдеуінше, ол өз танысына заңгерлік көмек көрсеткен.
Сот алқасы судьяны қызметінен босату мәселесіне қолдау білдірді.
Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, Штейнке жұмысынан босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806808-almatyda-para-aldy-degen-kdikke-ilingen-suda-aktaldy/