Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров WBO рейтингісінде үздік ондыққа енді

Опубликовано:

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ санатында әлемдегі үздік боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Depositphotos

Орта салмақта бірінші орынды бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин сақтап қалды. 

WBO International белдігінің иегері Қанат Ислам сегізінші сатыға жайғасса, бірінші орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров 9-шы орыннан көрінген.

Ал екінші орта салмақта WBO Global белдігінің иешері Айдос Ербосынұлы 10-шы орында тұр.

Айта кетейік, WBO Global чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әзірше 15-орыннан жылжымған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806850-kanat-islam-men-zankos-trarov-wbo-rejtingisinde-zdik-ondykka-endi/