"Эстафета": Абай шығармаларын оқу дәстүрі Жапонияға да жетті
Опубликовано:
Ұлы даладан басталған қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларын оқу эстафетасы Күншығыс еліне де жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абайдың терең мағыналы қара сөздерінен үзінді оқыған жапондық депутат Такео Кавамура оны жалғастыруды Қазақстанның осы елдегі елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа ұсынды.
Жапон тілін жетік білетін қазақ елшісі ақынның 37 қара сөзінен қазақша және жапонша үзінді оқыды.
Ол эстафетаны "Сазген"ансамблінің жетекшісі Бағдат Тілегеновке жолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807170-abaj-sygarmalaryn-oku-cellendzi-zaponiaga-da-zetti-video/