Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікке қамауға алынған ақтаулық хирургке қатысты жанжал жалғасуда

Опубликовано:

Ақтауда науқаспен болған жанжалдан кейін соттың шешімімен бір тәулікке қамалған белгілі балалар хирургін талқылау жалғасып жатыр. Бұл іске атақты адвокат қосылды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев істің мән-жайын айтып берді.

Маман хирургке қатысты бұрынырақ қабылданған соттың шешіміне шағымданатынын айтты.

Бұл іске хирургтың құқығын қорғағысы келетін белгілі адвокат қосылды. Барлық апелляциялық шығындарды жергілікті ұйымдардың бірі өз мойнына алады.

Баспасөз хатшысы егер дәрігерді ақтап алса, прецедент болатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін ақтаулық балалар хирургі бір тәулік қамауда отырып шыққан болатын.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ақтауда басы дауға қалып, қамауға алынған дәрігердің оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807480-bir-tulikke-kamauga-alyngan-aktaulyk-hirurgke-katysty-zanzal-zalgasuda/

pixel