Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшыны ақтық сапарға шығарып салды

Опубликовано:

Бүгін, 26 шілдеде Жезқазған жұртшылығы браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновты соңғы сапарға шығарып салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қарағанды облысы ӘПБ
Фото: Қарағанды облысы ӘПБ: Facebook

Табиғат қорғаушысымен қоштасуға марқұмның туыстары мен достары, әріптестері, жерлестері және жергілікті тұрғындар жиналды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен экология министрі Мағзұм Мырзағалиев те бой көрсетті.

Фото: Қарағанды облысы ӘПБ
Фото: Қарағанды облысы ӘПБ: Depositphotos

Мемлекет басшысының жарлығымен Қаныш Нұртазинов қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Президент атынан экология министрі Қарағанды облысы әкімімен бірге қаза болған қорықшының отбасына мемлекеттік награданы табыс етті.

Одан бөлек, Ұлытау ауданындағы көшелердің біріне Қаныш Нұртазиновтың есімі берілетіні белгілі болды.

Фото: Қарағанды облысы ӘПБ
Фото: Қарағанды облысы ӘПБ: Getty Images

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қайғыға ортақтасып, шынайы көңіл айтып жатыр. Осындай ер мінезді азамат тәрбиелеген ата-ана, туған-туыс, жанұясына шексіз алғыс айтамыз.

Нұртазинов Қаныш Серікұлы 2016 жылдың қаңтарынан бастап Охотзоопром мекемесіне Орталық аймақтық филиалдың инспекторы болып қызметке қабылданды. Осы уақыт аралағында өте жауапты, адал қызмет атқарып, әріптестері арасында үлкен құрметке, беделге ие болды", - деді экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Фото: Қарағанды облысы ӘПБ
Фото: Қарағанды облысы ӘПБ: Depositphotos

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов та қайғы қабырғаны қайыстырғанын айтты.

"Елбасы мен президент атынан, барлық қазақстандықтар атынан Қаныш Нұртазиновтың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Мемлекет басшысы осы қайғылы оқиғаны естіген бетте қылмыстық істі жеке бақылауға алып, ішкі істер министріне тиісті тапсырмалар берді", - деді ол.
Фото: Қарағанды облысы ӘПБ
Фото: Қарағанды облысы ӘПБ: Depositphotos

Қаныш Нұртазиновтың жанұясы Қоскөл ауылында тұрады. Инспектордың артынан үш қызы мен бір ұлы қалды.

Фото: Қарағанды облысы ӘПБ
Фото: Қарағанды облысы ӘПБ: Depositphotos

Еске сала кетсек, Ақмола облысында браконьерлер шабуылы салдарынан "Охотзоопромның" бір инспекторы қайтыс болып, тағы бірі зардап шекті.

Жедел іздестіру барысында күдіктілер қолға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1807516-brakonerler-kolynan-kaza-tapkan-koryksyny-aktyk-saparga-sygaryp-saldy/

pixel