Қазақстанда косметика интернет-дүкені есірткі сатумен айналысқан
Опубликовано:
Қазақстанда есірткі саудалаған 46 сайт анықталып, бұғатталды деп хабарлайды "KZ - CERT" компьютерлік оқиғаға әрекет ету қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әшкереленген сайттардың ішінде косметикадан бөлек есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен болды.
Сондай-ақ, Тelegram мессенджерінде жабық чаттар анықталды. Оған арнайы түрлендірілген сілтеме арқылы ғана кіру мүмкін болған.
"KZ-CERT" есірткі саудасының мемлекеттің үлкен қалаларында да елді мекендерінде де жүргенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807517-kazakstanda-kosmetika-internet-dkeni-esirtki-satumen-ajnalyskan/