ҰҚК қауіпсіздік сертификаты туралы: Ешкім жазбаларыңыз бен кілт сөздеріңізді сақтайын деп жатқан жоқ

Опубликовано:

ҰҚК "Мемлекеттік техникалық қызмет" ӨМК директорының орынбасары Зекен Исмайылов ОКҚ брифингі барысында қауіпсіздік сертификатын орнату азаматтардың жазбаларын сақтап, саралау, сайттарға кіріп, кілт сөздерін анықтау мақсатын көздемейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixnio
Фото: pixnio: UGC
"БАҚ-та бірнеше рет қауіпсіздік сертификатының шифрланған трафикті ашуға мүмкіндік беретіні айтылған еді. Алайда бұл онлайн режимде және тек құқыққа қайшы келетін контентке қатысты жасалады.
Ашық айтсақ, ешкім сіздің алмасқан хаттарыңызды, кірген сайттарыңызды, әлеуметтік желідегі парақшаларыңызды, кілт сөздеріңізді сақтамайды және сақтайын деп жатқан жоқ. Құққықа қайшы контенттердің тізімі бар. Олар өкілетті органдардың және соттың ұйғарымымен анықталған", - деді ол.

Сондай-ақ, Исмайылов кейбір сайттарға қол жеткізу және шектеу арқылы сертификатты орнату мен орнатпаудың байланысын жоққа шығарды.

"Ақпараттық сайттарға кіру шектелді дейсіздер. Барлығымыз баспасөзді оқып, "Facebook", "Twitter"-ге кіру қиындық туғызып жатқанын көріп жүрміз ғой. Біздің Қазақстанда мұндай жағдайлар орын алып тұрады, жиі демеймін, бірақ болып тұрады.
Біз үнемі байланыс операторларымен үздіксіз жұмыс істейміз. Барлық туындаған мәселелерді шешеміз. Сол себепті байланыс операторыңызға хабарласуды сұраймыз. Егер мәселе олардың жауапкершілігінде болса, олар оны өздері шешеді.
Егер ол мәселе қауіпсіздік сертификатына қатысты болса, сіз айтпақшы қауіпсіздік сертификатын орнатпағандар үшін шектеу қойылса, кез келген техникалық шешімнің өзіндік кемшілігі бар екенін түсіну үшін бірлесіп отырып шешеміз. Қазіргі уақытта апробация процессі жүруде", - деп түйіндеді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807538-kk-kauipsizdik-sertifikaty-turaly-eskim-zazbalaryyz-ben-kilt-szderiizdi-saktajyn-dep-zatkan-zok/