ҰҚК VPN-ннің бұғатталуы мүмкін екенін айтты
Опубликовано:
ОКҚ-да өткен брифингте ҰҚК "Мемлекеттік техникалық қызмет" директорының орынбасары Зекен Исмайылов VPN-ді бұғаттаудың техникалық мүмкіндіктері бар екенін айтты деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ.

"Техникалық тұрғыдан алғанда, мүмкіндік бар. Түйін сөз - техникалық. Бұғаттау тек деструктивті парақшалар мен контентке қойылады.
Егер сот шешімі немесе уәкілетті органның бұйрығы болса, онда VPN бұғатталады. Егер олай болмаса, онда жоқ деген сөз", - деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Исмайылов.
Оның айтуынша, VPN-мен бірге қазақстандық қауіпсіздік сертификатын пайдалануға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807539-kk-vpn-nni-bgattaluy-mmkin-ekenin-ajtty/