Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған тәрбиеші қамауға алынды

Опубликовано:

Алматыда өзі жұмыс істейтін балабақшадан үш жастағы баланы ұрламақ болған тәрбиеші қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД: UGC

Алматы қалалық сотының мәліметінше, тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін әйел адам екі тергеу абақтысында отырады.

Еске сала кетсек, Алматыдағы балабақшадан үш жастағы баланы ұрламақ болғаны туралы арыз полицияға 16 шілдеде түсті.

Балабақшаның бақылау камерасына түсірілген видеодан басына қалпақ киіп, қара көзілдірік таққан келіншектің сәбиді алып кетуге тырысып жатқанын байқауға болады.

Тәртіп сақшылары келіншекті он күннен кейін ұстады.

Әйел адам баланың ата-анасынан ақша талап ету үшін сәбиді ұрламақ болғанын мойындады. Ол қылмыс жасау арқылы қаржылық қиындығын шешпек болыпты.

Аталға факт бойынша қылмыстық кодекстің 24 бабы 3 тармағы "Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу" және 125 бабы 2 тармағы 5, 8 бөлімдері "Адам ұрлау" бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807729-almatyda-balabaksadan-sbi-rlamak-bolgan-trbiesi-kamauga-alyndy/

pixel