Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің сыбайласы сотталды
Опубликовано:
"BNB Construction" компаниясының директоры жемқорлық үшін сотталды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің "BNB Construction" ЖШС директоры Теміралинге қатысты жүргізген сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды.
Ол тергеу ісінің материалдары бойынша, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев басқарған қылмыстық топ мүшелерінің қарамағындағы заңды тұлғалармен фиктивті шарт құру арқылы 2 млрд теңгеден астам соманы жымқырған.
Атырау қаласының №2 сотының 25 шілдедегі үкімі бойынша Теміралин 3 жыл және 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, ол коммерциялық ұйымдардағы басқарушы қызмет атқару құқығынан 3 жылға айырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807739-atyrau-oblysyny-bryngy-kimi-bergej-ryskalievti-sybajlasy-sottaldy/