Нұр-Сұлтанда полицей батып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда 1988 бен 1996 жылғы екі ару "Причал" қонақ үйінің қасында суға батып кете жаздады. Абырой болғанда, қауіпті жағдайға тап болған бойжеткендерді құтқарушы мен оған көмекке келген полицей аман алып қалған деп хабарлайды елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 28 маусым күні сағат 15:00 шамасында орын алған. Дмитрий Инкин есімді құтқарушы кезекшілігі кезінде Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында батып бара жатқан бойжеткенді көріп қалған. Ол "Причал" қонақ үйінің аумағында суға түсіп кеткен.
Ер адам бірден оны құтқару үшін суға секіреді. Онымен қоса, тағы бір аруға да көмек қажет болған.
Суға батып кете жаздаған екі қызды құтқару шарасына полиция қызметкері Руслан Саидов та атсалысқан. Ол құтқарылған қызға судан жағажайға шығуға көмектескен.
Одан кейін, құтқарушы Инкин зардап шеккен бойжеткенге дәрігерлерге дейінгі көмек көрсетті. Артынан ару білікті медицина мамандарына тапсырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807857-nr-sltanda-policej-batyp-bara-zatkan-eki-kyzdy-ktkaryp-kaldy/