Каспий теңізінде толқын екі балықшыны 20 шақырым қашықтыққа алып кеткен

Опубликовано:

Маңғыстау облысында "Кендірлі" демалыс орнында екі ер адамды 20 шақырым қашықтыққа толқын алып кеткен. Оқиға 26 шілде күні орын алған деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

26 шілде күні 112-пультіне кеме моторының сынып қалуы салдарынан және желдің күші 15-20 м/с-ге жету салдарынан балықшыларды күшті толқын ашық теңізге алып кетті деген хабар түскен.

Олардың екеуі де көп ұзамай табылған. Құтқарушылар желдің басылуын күткен екен. Екі азаматты тек таң ата, күшті жел басылғаннан кейін ғана құтқару мүмкін болған.

Жағаға жеткен сәтте оларды көші-қон қызметі мамандары күтіп алған. Балықшылардың екеуіне де балықты аулауға рұқсат беретін құжаттары болмағаны үшін, айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807896-kaspij-teizinde-tolkyn-eki-balyksyny-20-sakyrym-kasyktykka-alyp-ketken/