Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда құрылысшылар бүтін бір отбасыны ажалдан арашалап қалды

Опубликовано:

Ақтауда құрылысшылар суға батып бара жатқан бір отбасыны құтқарып қалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі хабарлады деп жазады Тumba.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: hurriyyet.org
Фото: hurriyyet.org: Facebook

Оқиға демалыс күндері Шора су арнасында болған.

Мекеме өкілі Рукия Сычеваның айтуынша, төрт адамнан тұратын отбасы - отағасы, әйелі және екі қызы су арнасына шомылмақ болған. Бір сәтте бәрі суға бата бастаған.

Сычеваның сөзінше, абырой болғанда бұл жағдай "Шораның" маңында жүрген құрылысшылардың назарынан тыс қалмай, олар дереу көмекке ұмтылған.

Ер азаматтар жанұя мүшелерін судан шығарып, алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен. Осыдан кейін, жігіттер құтқарушылар мен полиция, жедел жәрдем мен апаттық медицина орталығының қызметкерлерін шақырған.

"Мен бұл батыл жандарды атап өткім келеді, олар бәрін дұрыс жасады, ең бастысы, өлім қаупі төніп тұрған адамдарды тастап кетпеді. Бұл Мейрамбек Жиенбаев пен Қанат Қуатбаев. Мен оларға бүтіндей бір отбасыны құтқарғаны үшін басымды иемін", - деді Рукия Сычева.

Сычеваның сөзінше, бірер күн бұрын осы су арнасында 22 жастағы жігіт қайтыс болған. Ол құтқарушылардың талаптарына мән бермей, тыйым салынған маңда шомылған көрінеді.

Сондай-ақ, маман облыс тұрғындарын қауіпсіздік талаптарын ескеруге, өте мұқият болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807918-aktauda-krylyssylar-batyp-bara-zatkan-bir-otbasyny-ktkaryp-kaldy/

pixel