Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аружан Саин өз атын жамылып ақша жинайтын алаяқтар бар екенін айтты

Опубликовано:

Аружан Саин белгісіз біреуділердің өздерін қордың еріктілері ретінде таныстырып, балалар еміне қаражат жинап жүргенін хабарлады. Шын мәнінде, балалар омбудсменінің айтуынша, Аружан Саиннің қоры қолма-қол ақшамен жұмыс істемейді және барлық қаржы жинағы тек банктік есепшот арқылы жүзеге асырылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / aruzhan.sain
Фото: Facebook / aruzhan.sain: Getty Images

Қорға өздерін еріктілер деп таныстырып, "Аружан Саин қайырымдылық қорының" куәлігімен кеңселерді аралап жүрген адамдар туралы ақпараттың келіп түскенін балалар омбудсмені Facebook парақшасында хабарлады.

Саин сондай жалған еріктілердің бірі - балалар еміне қолма-қол ақша жинаған Александр Хван екенін жазды.

Аружан Саин мұндай адамдардың қайырымдылық қорларына деген сенімсіздікті тудыртатынын атап өтті.

Ол жалған еріктілерге ұрынып қалған адамдардан суреттерді seiit.zhandos@gmail.com поштасына немесе 8776 555 47 71 нөміріндегі WhatsApp-қа жіберуін сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807921-aruzan-sain-z-atyn-zamylyp-aksa-zinajtyn-alaaktar-bar-ekenin-ajtty/

pixel