Қазақстандық шенеуніктерге импорттық көлік сатып алуға тыйым салынды

Опубликовано:

Қазақстан үкіметі елдегі мемлекеттік органдарға импорттық көліктерді сатып алуға екі жылға тыйым салу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы "ҚазАвтоӨнеркәсіп" баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Мекеме таратқан ақпаратқа сәйкес, "Мемлекеттік сатып алулар" туралы Заңның 14 бабына сәйкес, енді тек Қазақстанда шығарылмаған шетелдік тауарды ғана сатып алуға болады екен.

Бұдан бөлек енді конкурсқа "CT-KZ" тауары үлгісінде жасалған сертификаты бар отандық компаниялар ғана жіберіледі.

Аталған талаптың шетелдік тауарға да қатысы бар.

Қаулы өз күшіне енген және ол екі жыл бойы қолданыста болмақ.

"Құжат "СТ-КZ" үлгісіндегі сертификаты бар, тек отандық тауар өндірушілерден тауарды жалға алуға және мемлекеттік сатып алуларды жүргізуді көздейді", - деп жазылған хабарламада.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстанның автокөлік саласы мекемелері кеңесінің стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарянның айтуынша, республикада шеледік баламаларынан кем түспейтін, жеңіл көліктердің 60-тан астам түрі шығарылады.

"Тағы бір маңызды жаңалық отандық тауар өндірушісінен тауар алған экономикалық тұрғыдан барынша тиімді болып отыр", - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге оның сөзінше, "СТ-КZ" сертификатының бар болуы туралы талап – мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын әрі оның әділ өтуін қамтамасыз етеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807984-kazakstandyk-seneunikterge-importtyk-klik-satyp-aluga-tyjym-salyndy/