Нұр-Сұлтанда Тілендиев даңғылы бір айға жабылады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданындағы даңғылдардың бірінде көлік қозғалысы бір айға тоқтатылады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: Facebook

Мекеменің хабарлауынша, 1 тамыз - 1 қыркүйек аралығында елорданың "Сарыарқа" ауданындағы Н.Тілендиев даңғылы бойымен өтетін жол жабық болады.

Екатеринбург-Алматы жол айрығындағы жол жасау жұмыстарының жүруіне байланысты қозғалыс уақытша тоқтады.

Қала әкімдігі астаналықтардан айналма жолдарды алдын-ала ойластыруды сұрайды.

Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808240-nr-sltanda-tilendiev-dagyly-bir-ajga-zabylady/