Атыраудағы спорт алаңдарының бірінде дала түлкісі видеоға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Желіде Атырау қаласындағы спорттық алаңдардың бірінде алаңсыз жүрген дала түлкісінің видеосы пайда болды. Болжам бойынша, жануар шаһардың "Нұрсая" ықшам ауданында жүруі мүмкін деп хабарлайды atpress.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: Instagram

Аталмыш видеодан жыртқыш жануардың қала ішіндегі спорттық алаңда алаңсыз жүргенін анық көруге болады.

Мамандар дала жануарының көше ортасында осылай жүруі адам өміріне қауіпті дейді.

"Видеодағы түлкіге қарап, одан қандай да бір агрессияны байқамадық. Алайда ол адамдардан қорықпай, көше ортасында жүруінің өзі – патология"", - дейді олар.

Сонымен бірге, олар ит тұқымдас жануарлар түрлі ауруларды таратынын айтып, дабыл қақты.

"Бірінші кезекте олар обыр ауруын таратушылар. Егер ештеңеден қорықпастан, қала ортасына осылай келіп алса, онда ол қандай да бір ауруға шалдыққан жануар дей беріңіздер.
Сондықтан сақ болу керек немесе ондай жағдай орын алғанның күннің өзінде, жануарларды міндетті түрде тұзаққа түсіру қажет", - дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808265-atyraudagy-sport-aladaryny-birinde-dala-tlkisi-videoga-tsip-kaldy-video/