Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұраймын": ҚТЖ өкілі пойыздағы зорлық оқиғасы жайлы айтты

Опубликовано:

"Қазақстан Темір Жолы ҰК" АҚ басқарма басшысының орынбасары Қанат Әлмағамбетов ел арасында шу тудырған пойызда қыз зорланған жолсеріктер оқиғасына қатысты пікір білдіріп, көпшілік алдында кешірім сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қанат Әлмағамбетов. Фото: atameken.kz
Қанат Әлмағамбетов. Фото: atameken.kz: UGC
"Шу тудырған оқиға бойынша мен ҚТЖ мен өз атымнан кешірім сұраймын. Біз қатты өкінеміз. Олар жолаушыларды қауіпсіз тасымалдаудың орнына мұндай қылмыс жасады. Оқиғадан жолаушы қыз ғана емес, біздің жолсеріктер мен қызметкерлердің беделі зардап шекті.
Біз оларды соттаса, дұрыс болады деген ойдамыз. Сот әділ шешім қабылдайтынына сенеміз" , - деді Әлмағамбетов.

Оның сөзінше, мұндай жағдайлар жазасыз қалмауы керек.

"Өз тарапымыздан, біз жұмыстан шыққан жолаушылар тасымалының орталық аппаратынан бастап, пойыз басшыларына дейін тиісті шара қолдандық" , - деді ҚТЖ өкілі.

Айта кетейік, сотталушылар екі жарым жылға бас бостандығынан айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808439-kesirim-srajmyn-ktz-kili-pojyzdagy-zorlyk-okigasy-zajly-ajtty/

pixel