Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қол көтереді": Тұрмыстағы әйел абысыны енесіне көрсететін қорлықты жайып салды

Опубликовано:

Отбасын құрғанына бес жыл болған келіншек күйеуімен сүйіп қосылғанына қарамастан онымен ажырасуды ойлап жүр. Оның бұл шешімді қабылдауына абысынының тікелей қатысы бар болып шықты деп жазады "Алаш айнасы".

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Ішіндегі жан сырымен бөліскені әйел адам ата-енесін, туған ата-анасындай жақсы көретінін алайда, абысының енесін сыйламайтынын айтады.

Тіпті, ол кезекті жанжал кезінде енесін қорғамақ болып, ішіндегі баласын түсіріп алған.

"Жолдасым керемет жан, сөзім жоқ. Сүйіп қосылдык. Бір шаңырақтың астында сегіз адам тұрамыз. Ата-енем, қайын ағам мен абысыным, олардың екі ұлы және біз. Өз ата-анам қайтыс болған соң ба, ата-енемді қатты жақсы көремін. Ол кісілер де маған туған қыздарындай қарайды.
Алайда, үйдегі жағдайдың барлығын абысыным құртады. Ол менен жеті жас үлкен. Қайын ағам өте жуас адам, әйелі осы бес жылдың ішінде өз үлкендігін көрсеткен емес. Алайда, енемді мүлде сыйламайды. Дауыс көтергені былай тұрсын, ол оған қол көтеріп те тұрады" , - деді отбасылы ару.

Бір қарағанда ұйып тұрған жанұядағы бұл жағдай туралы кіші келін ғана біледі. Ұлының жарынан қорлық көріп жүрген ана отбасындағы тыныштықты жоғары қойып, бұл сұмдыққа төзуге шешім қабылдаған.

"Атам мен күйуеім білмейді. Енеме неге айтпайсыз десем, "отбасында тыныштық сақтау міндетім" деп қысқа қайырады. Мен айтайын десем енемнен аттап, өте алмаймын. Кезекті ұрыс кезінде енемді қорғамақ болғанымда абысыным мені итеріп жіберіп, ішіммен үстелдің шетіне соғылдым.
Кейін ішімдегі төрт айлық балам шетінеп кеткенін білдім. Бес жылда әрең көтерген сәбиім болған. Жолдасым екеуміз қатты қиналған едік. Шыдай алмай, жағдайдың бәрін жайып салдым. Қайын ағам мұны естіп, айырлысамын деп шешті" , - деді келіншек.

Ол екі баласы бар ерлі-зайыптылардың арасы бұзылғанына өзі кінәлі сияқты болып қалғанын айтты.

"Оларға бөлек шығындар деп те айтылды. Өздері шықпайды. Біз кетейік десек депозитте ақшамыз үй алуға жетіңкіремей тұр. Оның үстіне ата- енемді қимаймын. Үй жалдайық десем, жолдасым келіспей отыр. Ол ақша бекер кететінін айтты.
Ең сорақысы, мен енді бала көтере алмайтындай болып қалдым. Жолдасыма жаным ашиды. Ол балаларды сондай жақсы көреді. Айырылысып, оның бағын байламайын ба?" , - деп көпшіліктен кеңес сұрады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808454-kol-kteredi-trmystagy-jel-abysyny-enesine-krsetetin-korlykty-zajyp-saldy/

pixel