Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы 15 градусқа дейін салқындауы мүмкін
Опубликовано:
Қазақстанда тамыз айының алғашқы күндері ауа райы тұрақсыз болады деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Cиноптиктердің болжамынша, тамыз айының басында Қазақстан Екатеринбург жақтан келетін циклонның ықпалында болады.
Осыған орай, елдің бірқатар облыстарында 1, 2 және 3 тамыз аралығында ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жауын, солтүстік-батыста нөсер жауын күтіледі.
Ауа температурасы 15-25 градусқа дейін түседі. Ал республиканың кей өңірлерінде бұршақ, күшті жел мен нөсер жауын жауады.
Осылайша, 2 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысында қатты жауын-шашын мен бұршақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ке дейін жетеді.
Қостанай облысында да дәл осындай ауа райы сақталады.
2 тамыз күні Қызылорда облысында солтүстік-батыс бағыттағы жел сақталады, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Күннің ыстығы тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана болады. Кей жерлерде ауа райы 40 градус ыстыққа дейін көтеріледі. Ауа райы жауын шашынсыз болады деп күтіліп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808828-kazakstanda-aldagy-s-knde-aua-rajy-15-graduska-dejin-salkyndauy-mmkin/