Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорғас" қоймасында орын алған оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Опубликовано:

Алматы облысының полициясы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында орын алған қақтығыстың мән-жайын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/angry_taldyk
Видеодан кадр: instagram.com/angry_taldyk: Getty Images

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 31 шілде күні ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінде орын алған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, халықтың ашуына кеден қызметкерлерінің салмақ лимитінен асып түскен тауарларды өткізбегені себеп болған

Наразы жұртшылық қақпаны қиратып, кеден қызметкерлерінің қарсылығына қарамастан қойманы тас-талқан еткен. Қақтығысқа қатысқандар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Полиция оқиғада ешкім зардап шекпегені мен қойманың қирамағанын хабарлады.

Қақтығыс орнына құқық қорғау қызметкерлері келіп, жағдай реттелген.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, қақпаны зақымдаған бес қатысушы жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808838-korgas-kojmasynda-oryn-algan-okigany-mn-zajy-belgili-boldy/

pixel