Алматыда Land Cruiser Әл-Фараби даңғылындағы жол бөлгіштерді қиратты

Опубликовано:

Оңтүстік астананың Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесі қиылысында жол апаты орын алды. Land Cruiser Prado 200 жүргізушісі жол бөлгіштерді қиратып, қарсы бетте келе жатқан Toyota Corolla көлігіне соқтығысқан. Жеңіл көліктің рөлінде отырған қыз бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Куәгерлердің айтуынша, 2 жол талғамайтын көлік жоғары жылдамдықпен Әл-Фараби бойында батыс бағытқа қарай жарысқан.

Land Cruiser бұрылыс кезінде жол бөлгіштерді бұзып өтіп, қарсы бағытқа шығып кетті.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақат алған. Оны ауруханаға жеткізді.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Куәгерлердің бірі жол талғамайтын көліктің мемлекеттік нөмір тақпағанын айтты.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808887-almatyda-land-cruiser-l-farabi-dagylyndagy-zol-blgisterdi-kiratty/