Қазақcтандықтар Алла алдындағы парызын өтеу үшін Меккеге аттанды
Опубликовано:
Қазақстандықтар қажылыққа атану үшін Сауд Арабиясына саяхат жасамақ. Адамға лық толған Алматы әуежайына қарағанда олардың саны аз емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматы әуежайы адамдарға лық толды. Ондаған адамдар Мединаға аттану үшін рейстерін күтіп тұр.

Тіркеуден өтетін жерде, ұшу аймағы мен күту залында адамдардың санында шек болмады. Бұған қоса, әуежайдың кіреберісінде жақындарын шығарып салып жатқан адамдардан үлкен топ құрылды.

Осынша адамның қажылыққа бара жатқанын сырт киіміне қарап білу мүмкін еді. Барлығының үстінде ислам қағидаларына сәйкес әрі "Қазақстан" жазуы бар киім болды.

Алматы әуежайының онлайн-тақтайшасына қарағанда қажылыққа бара жатқандарды Сауд Арабиялық Fly Nas әуе компаниясы және отандық SCAT тасымалдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809034-kazakctandyktar-alla-aldyndagy-paryzyn-teu-sin-mekkege-attandy/