Алматыда аяусыз өлтірілген жігіттің өліміне қатысты сот қалай жүріп жатыр?

Опубликовано:

Талдықорған сотында аяусыз өлтірілген 25 жастағы алматылық жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қарастырып жатыр. Марқұм Зинур Хамитовтың анасы сот үрдісі қалай өтіп жатқанын айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зинур Хамитов. Фото: NUR.KZ оқырманы
Зинур Хамитов. Фото: NUR.KZ оқырманы: UGC

Бұл қылмыс бір жыл бұрын орын алған. Зинур өз әріптесіне 100 мың теңге қарыз беріп, кейін ақшасын ала алмай жүрген. Алған қарызын қайтарғысы келмеген ер адам қасына достарын алып, Зинурды кездесуге шақырады. Олар жалғыз өзі келген жігітті адам жоқ жерге күштеп алып кеткен.

Айыптау актісіне сәйкес, Аблакимов Хамитовтың назарын өзіне аудартып тұрғанда оның досы Ахметов артынан келіп, битамен Знурдың басынан аяусыз соққан.

"Ұзаққа соқылған адам сенгісіз соққылар нәтижесінде, Хамитов алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты" , - деді мемлекеттік айыптаушы.

Анықталғандай, Зинур жерге құлағанда оны аяқ-қолмен соға бастады. Өз іс-әрекеттерін аяқтаған соң, олар жігіттің жансыз денесін каналға апарып, лақтырып жіберген. Содан кейін, төрт ер азаматтың әрқайсысы өз үйлеріне кетіп қал,ған.

Альфия Хамитованың айтуынша, адам өлімі бойынша тек екі жігіт айыпталып жатыр. Қалған екеуі қылмысты дер кезінде хабарламағаны мен жасырып қалғаны үшін күдікке ілініп отыр. Марқұмның анасы бұл жайтпен келіспейтінін жеткізді. Сол себепті, ол Бас прокуратураға жүгінген.

Айта кетейік, Зинур Хамитовтың өліміне күдікті ретінде төрт жігіт тұтқындалған болатын. Олардың жасы 20 мен 24 жас аралығында екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809162-almatyda-aausyz-ltirilgen-zigitti-limine-katysty-sot-kalaj-zrip-zatyr/