Instagram бірнеше елде істен шықты
Опубликовано:
Instagram желісінің жұмысында ақау анықталды. Бірнеше елдің желі қолданушылары оның дұрыс жұмыс істемей тұрғанына шағымданып, дабыл қақты деп жазады Polit.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қосымшаның істен шыққаны туралы ақпараттар легі елорда уақытымен сағат таңғы 08:00-де келе бастаған. АҚШ, Бразияляи, Мексика, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланд, Жапония және тағы да басқа мемлекет азаматтары әлеуметтік желідегі проблеманы хабарлаған.
Желі қолданушылары лентаны жаңартып, сурет жүктеп және сториз жариялай алмай қалғандарын айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809183-instagram-birnese-elde-isten-sykty/