Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтахановқа табыс тілеймін": Әбдірахымов президентке алғыс айтты

Опубликовано:

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мемлекет басшысына қала тұрғындарына көрсеткен қамқорлығы үшін алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы экс-басшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Соңғы жылдары Шымкентке жақын маңдағы аудандардан 146 мың адамнан тұратын 41 елдімекен қосылды.

Бұл шағын аудандарда жарық, газ, су құбыры, кәріз, асфальтталған жолдар мен тротуарлар сияқты коммуналдық инфрақұрылым тиісті түрде жұмыс істемейді немесе мүлдем жоқ.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентті еліміздің үшінші мегаполисі ретінде дамытуға аса көңіл бөліп жатыр.

Мемлекет басшысының қала шетіндегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары қысқа уақыт ішінде шаһар тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға көмектеседі.

Сонымен қатар, осы жылдың 9 шілдесінде Елбасының тапсырмасы бойынша үкіметте құны 1 трлн 284 млрд теңге тұратын қала үшін маңызды құжатты қабылдады.

Бұл жоспар қала дамуының жаңа деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік береді.

Сондықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлына қала тұрғындарына көрсеткен қамқорлығы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді және жаңа әкім Ерлан Айтахановқа осы оңай емес жұмыста табыс тілеймін", - деді Ғабидолла Әбдірахымов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809367-ajtahanovka-tabys-tilejmin-bdirahymov-prezidentke-algys-ajtty/

pixel