Отандық танымал боксшы орта салмақтағы үздік 10 боксшының қатарына енді (фото)
Опубликовано:
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санаты бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Геннадий Головкин тізімнің үшінші сатысында орналасса, Мейірім Нұрсұлтанов үздік 10 боксшының қатарына кірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" тобы жариялады.
Орта салмақ бойынша рейтингті украиналық Сергей Деревянченко бастап тұр.
Ал Генадий Головкин үшінші сатыға жайғасқан.
Мейірім Нұрсұлтанов бір орынға көтеріліп, үздік 10 боксшының қатарына кірді.
Бақтияр Эюбов болса, Топ-15 қатарынан шығып қалды.
Еске сала кетсек, Головкин мен Деревянченко 5 қазан күні Нью-Йоркте жекпе-жекке шығуы мүмкін.
Осыған байланысты GGG келіссөздің өтіп жатқанын растаған болатын.
Украиналық кәсіпқой боксшының бапкері Андре Розье шәкіртінің қазақстандықпен болатын жекпе-жекке қалай дайындалатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809667-otandyk-tanymal-bokssy-orta-salmaktagy-zdik-10-bokssyny-kataryna-endi/