Алмазбек Атамбаевтың қақтығыстан кейінгі жағдайы белгілі болды
Опубликовано:
Бұрынғы депутат Равшан Жээнбеков Қой-Ташта ұстау операциясын жүргізген арнайы жасақ пен азаматтар арасында болған қақтығыстан кейінгі Алмазбек Атамбаевтың жағдайы туралы мәлімдеді деп хабарлайды akipress.org басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Атамбаев дін аман. Бұл жақтан да, ана жақтан да жарақат алған адамдар бар…Жараланғандар өте көп», - деді Жээнбеков.
Сонымен қатар, ол билікпен келіссөздер жүргізу кезінде ең басты және маңызды не нәрсені талап еткендерін де айтып берді.
«Біз тек қана бір шарт қойдық: Милицияны алып тастау», - деп атап өтті экс-депутат.
Елдің бұрынғы басшысының жақтастары мен арнайы жасақ сарбаздары арасындағы қақтығыс салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 35 шақты адам жараланған. Оқ тиіп, ауыр жарақат алған бір сарбаз ауруханада көз жұмды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809854-almazbek-atambaevty-kaktygystan-kejingi-zagdajy-belgili-boldy/