Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда өз анасын ыстық сумен күйдірген әйел жазаланды

Опубликовано:

Теміртау қаласының тұрғыны өз анасына ыстық су құйып, қинағаны үшін шартты түрде жазаға кесілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Facebook

Әйел адам анасын жиі ұрып жүрген. Мас күйде болған ол соңғы рет тек ұрумен ғана шектелмей, зейнеткер анасын ыстық сумен күйдірген.

Сот материалдарын сәйкес, әйел ваннадағы ыстық суды ашып, суды анасының басына ағызып қойған. Зейнеткер әйел физикалық тұрғыдан әлсіз болған соң, қашып кете алмапты. Мас әйел шешесі есінен танып қалған соң ғана жіберген.

Келген медицина қызметкерлері зейнеткерді бет және мойын күйігімен ауруханаға жатқызған. Полиция қатігез әйелді ұстаған.

Теміртау соты айыпталушыны кінәлі деп тауып, оған ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша шартты түрде бес жылға соттады.

Күйік шалған әйел қызын кешіргенін айтып, соттан оны қатал жазаламауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809921-temirtauda-z-anasyn-ystyk-sumen-kjdirgen-jel-zazalandy/

pixel