Қарағандыда 2 жасар сәбидің өліміне қатысы бар тіс дәрігеріне үкім шығарылды
Опубликовано:
Қарағандыда Қазыбек ауданының соты дәрігерді кінәлі деп тауып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сот айыпталушыны 317-баптың 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тануға қаулы етті және қауіпсіздік жағдайы төмен ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылға 6 айға бас бостандығынан айырды.
Бұдан бөлек, ол 2 жыл 69 айға өз мамандығына байланысты лауазымды қызметтерді атқаруы құқығынан айырылды.
Сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына 4 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық залалдың өтемақысын, және 400 мың теңге көлеміндегі іс жүргізу шығындарының сомасын өндіріп алу", - деп үкім жариялады судья Арғын Құтышев.
Сотталушы үкіммен келіспейтінін және оны қайта қарауға өтініш тастайтынын айтты.
Үкім қайтыс болған баланың әкесін қанағаттандырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай ата-анасы келісім-шарт бойынша облыстың әскери бөлімдерінің бірінде қызмет еткен РФ-ның 2 жасар азаматы Семен Арзамасцев Қарағандыға анасымен бірге тіс дәрігеріне келген.
Олар "Tiny Dent" клиникасына келіп, қаралған. Дәрігер анестезия енгізгеннен кейін бала өзін нашар сезінген, алайда ол бүлдіршіннің жағдайына қарамастан балақайдың жүрегі тоқтап қалмағанша өз жұмысын жалғастыра берген.
Бұдан кейін дәрігер жедел жәрдем бригадасын шақырды. Олар өз кезегінде балаға реанимациялық шаралар көрсетіп, оны қарқынды терапия бөліміне жатқызды.
Алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады. Баланы Омбыда жерленген.
Кейін анықталғандай, Семеннің өлімі тіс дәрігерінің мансабындағы бірінші оқиға емес. Бір жыл бұрын 12 жастағы Жансая Омарова да аталған дәрігердің қолынан қаза тапқан.
Жасөспірімнің өліміне қатысты іс әлі күнге дейін бір орнынан қозғалған жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810208-karagandyda-2-zasar-sbidi-limine-katysy-bar-tis-drigerine-kim-sygaryldy/