ШҚО-да екі млн теңгеге "оқуға түсіремін" деп алдаған алаяқ әйел ұсталды

Опубликовано:

ШҚО-да медициналық университетке оқуға түсіріп беретінін айтып, Абай ауданы тұрғынынан екі миллион теңге алдап алған күдікті ұсталды деп хабарлайды AltayNews.kz.

ШҚО-да
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

6 тамыз күні Семей қаласы Әуезов аудандық полиция бөліміне 54 жастағы Абай ауданының тұрғыны шағым түсірген.

Шағым берушінің айтуынша, ол қызын оқуға түсірмек болған алаяқ әйелге алданып қалған екен.

Полицейлер жедел іздестіру шарасы барысында 38 жастағы әйелді күдікті деп тапты. Оның үстінен ҚР ҚК 1-тарау, 190-бабы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810264-sko-da-eki-mln-tegege-okuga-tsiremin-dep-aldagan-alaak-jel-staldy/