Өскеменде 40 шақты полицей іздеген жеткіншек өз үйінен табылды

Опубликовано:

Өскеменде жоғалып кеткен кәмелет жасына толмаған қыз табылды деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өскеменде 40 шақты полицей іздеген қыз өз үйінен табылды
Көрнекі фото: vg-news.ru: Instagram

Сәрсенбі, 7 тамызда қала тұрғыны 2007 жылы туған қызының жоғалғанын айтып арызданған.

Полиция дереу баланы іздестіру жұмысын ұйымдастырған: қырыққа жуық полиция қызметкері төңіректі шолып шығыпты. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, көршілерден сұрастырған

Жеткіншек келесі күні табылыпты. Белгілі болғандай, ол осы уақыт бойы үйінің шатырында тығылып жатқан.

Ол анасымен ұрысып қалғандықтан осылай жасағанын айтыпты. Дәрігерлер баланы тексеріп, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

Іске ювеналды полиция араласып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810268-skemende-40-sakty-policej-izdegen-zetkinsek-z-jinen-tabyldy/