Атамбаевтың үйіне жақын маңнан автомат табылған (фото)
Опубликовано:
Қырғызстанның Қой-Таш ауылынан, бұрынғы ел прзиденті Алмазбек Атамбаевтың үйіне жақын жерден оқ-дәрілермен Калашников автоматы табылған. Бұл туралы Бішкек ІІББ баспасөз қызметі мәлімдеген деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, 9 тамыз күні шамамен түс кезінде Қой-Ташта АК-47 автоматы, 26 патронмен магазин, екі әскери дулыға мен бір жабдықталған белдік табылғаны хабарланған.

Қаруды сол төңіректен өзінің құлаған дронының іздеп жүрген азамат тауып алған.
Автомат пен оқ-дәрілер саясаткердің үйінен 100-150 метр жерде үлкен тастың жанындағы таудың бөктерінде жатқан көрінеді.
Басылым қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810313-atambaevty-jine-zakyn-manan-avtomat-tabyldy-foto/