Қазақстандық жас боксшы мексикалық қарсыласын нокутпен жеңді
Опубликовано:
Мексиканың Тихуан қаласындағы бокс кешінде жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұл (5-1, 3) кәсіпқой рингтегі кезекті кездесуін өткізіп, жеңіске қол жеткізді деп хабарлайды Prosports.kz.
8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы жергілікті боксшы Косме Ривьера (42-28-3, 29) болған.
Сағадат Рахманқұл бесінші раундта Ривьераны техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кету керек, Сағадат Рахманқұл Top Rank промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810356-kazakstandyk-zas-bokssy-meksikalyk-karsylasyn-nokutpen-zedi/