Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар мекені: 70 жастағы қостанайлық қария жастарды спортқа баулып жүр

Опубликовано:

Қостанай облысындағы Көкалат ауылын чемпиондар мекені десе де болады. Бұл аймақтың жастары пауэрлифтингтен облыстық, республикалық деңгейде топ жаруда. Ардагер ұстаз Мәлік Баймағанбетов осы шағын ғана ауылда жоқтан бар жасап, жеткіншектерді спортқа баулып жүр деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

70 асқан
Мәлік Баймағанбетов. Фото: 24.kz: Instagram

Жасы жетпістен асса да, спорттан қол үзбеген ақсақал жақында зілтемір көтеруден Қазақстан чемпионы атанды.

Ол осы уақытқа дейін 2 спорт шеберлігіне үміткер, 20-ға жуық түрлі разрядты спортшыны дайындап шығарған.

Қазірде жұпыны ғана жаттығу бөлмесі ауыл балаларынан босамайды. Тәжірибелі тәлімгерге арнайы орынның жоқтығы да кедергі емес екен.

"Мұның бәрін жуып, тазарту өз күшімізбен. Ғимарат есігі ашық, терезелері жөнделмеген, боранды күндері құмға толып қалады. Осыны айтып, әкімге дейін шыққан азаматтың бірімін. 70-тегі шалға не керек дейді, бірақ мен оны қоймаймын", - дейді ақсақал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810386-cempiondar-mekeni-70-zastagy-kostanajlyk-aksakal-zastardy-sportka-baulyp-zr/