Ыстықкөлде қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады
Опубликовано:
Қырғызстанның Ыстықкөл ауданында қазақстандық жолаушылары бар автобус жолдан шығып, жыраға түсіп кеткен деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 11-тамызда кешкісін Тамчы ауылының аумағында болған.
"Қазақстандық туристер отырған автобус Бостеріден келе жатып, Lexus маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады АІІБ.
Милиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810466-ystykklde-kazakstandyk-turister-mingen-avtobus-apatka-syrady/