Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда құрбандыққа шалынған қойдың қанын маңдайға жаққандар таң қалдырды

Опубликовано:

Еліміздің батыс өңірінде құрбан айт кезіндегі ерекше үрдіс әлі күнге дейін сақталған. Көптеген тұрғындар айт мерекесінде құрбандыққа шалынған малдың қанын маңдайына жағып алады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маңғыстауда құрбандыққа шалынған қойдың қанын маңдайға жаққандар таң қалдырды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Бұл үрдіс көп жағдайда Маңғыстау облысында байқалады.

Жақында тұрмыс құрып, аталған аймаққа келін боп түскен Айдана есімді тұрғын мұндай салттың барына таң қалды.

«Айт күні үйімізде құрбан шалып, бір міндетімізден құтылдық. Сол күні қаннен қаперсіз шаруа істеп жүрген мен түсініксіз бір жағдайға тап болдым. Үлкен абысыным құрбандыққа шалынған малдың қанын маңдайыма жағып жіберді. Мен қатты таңырқадым. Қанды неліктен жағу керектігін ешкім нақты түсіндірген жоқ», - дейді ол.

Осы орайда, KAZ.NUR.KZ тілшісі Маңғыстау облысының өкіл имамы Сейітбек Исмайылдан аталған дәстүрдің қаншалықты дұрыс екенін сұраған болатын.

«Бірден айтайын, құрбандыққа шалынған малдың қанын маңдайға жағып алу керектігі шариғатта жоқ. Яғни, бұл шариғатта жазылмаған нәрсе. Бірақ бұл туралы осы аймақтағы ақсақалдар қауымынан сұрастырып білдім.

Көпшіліктің айтуынша, бұл сонау кеңес заманынан қалған үрдіс.

Өздеріңіз білесіздер, кеңес одағы тұсында халық ата дінінен ажырап қалды. Кеңес билігі құрбандыққа мал шалып, айт мерекесін тойлауға қатаң тыйым салды.

Бұл сол кездегі қазақтардың құрбан шалып, айтты жасырын тойлауға жасаған қадамдарының бірі екен.

Олар малдың қанын үйдегі кішкентай балалардың маңдайына жағу арқылы үйде құрбан шалып, айт мерекесін атап өтетінін жасырын білдірмек болған.

Яғни, кімнің үйінде құрбан шалынып жатқанын көпшілік осы бір ишарадан байқаған. Бүгінде бұл үрдіс халық арасында көп қолданылмайды», - дейді өкіл имам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810642-magystauda-krbandykka-salyngan-kojdy-kanyn-madajga-zakkandar-ta-kaldyrdy/

pixel