Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов: Несиеге жасалған тойлар - жақсы нәрсе емес

Опубликовано:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Tengrinews.kz-ке берген сұқбатында аста-төк тойлар үшін несие алуға қатысты пікірімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz: UGC
"Меніңше, той жасау үшін несие алып қажет емес. Әсілі, несиені жаңа кәсіп бастау үшін не болмаса табысты реттеп, сол несиені жабуға септігін тигізетін бастама үшін алады.
Егер сіз несиені жеп-ішу үшін алатын болсаңыз, өзіңізді де, балаларыңызды да қауіпті жағдайда қалдыруыңыз мүмкін. Бұл дұрыс емес, бұлай етуге болмайды", - деді қаржы министрі.

Смайыловтың пікірінше, қазақстандықтар бір күнмен өмір сүргендіктен осындай жағдайлар орын алып тұрады екен.

"Әрине, адамдарға кінәрат тағуға болмайды, дегенмен, бұл мәдениетті ақырындап өзгерту керек. Мерекені тойлау үшін көлемді несиелер алып қажет емес. Ал егер алсаңыз, ақшаны кәсіпке, жоқ дегенде білімге салыңыз. Бұл білім сізге табыс табуға көмектеседі. Менің пікірім осындай. Несие-тойлар - жақсы нәрсе емес" , - деп сендірді вице-премьер.

Сонымен қатар, ол өзінің ешқашан несие алып, біреуден қарыз сұрап көрмегенін айтты.

"Өз басым ешқашан несие алған емеспін. Айтарлықтай, тіпті, қарыз да алып көрмеппін. Несие алсаңыз, тым болмағанда кәсіп үшін алыңыз.

Несие төлеу - жас жұбайлардың ажырасуына себепші болады. Сондықтан бізде ажырасудың көрсеткіші жоғары.

Алайда бұл мәдениет (аста-төк мерекелер) ақырындап өзгеріп барады.

Қазіргі таңда адамдар көбінесе білім мен спортпен айналысады. Айналамда осыны көріп жүрмін.

Менің пікірімше, адамдар арасында ішімдік ішу де сирей бастаған. Сол себепті болашаққа оптимисттік көзқараспен қараймын", - деп баяндады Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810656-lihan-smajylov-nesiege-zasalgan-tojlar-zaksy-nrse-emes/

pixel