Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов жер үсті метросының құрылысына қаражатты қайдан алмақшы?

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан әкімі үкімет отырысы барысында елордадағы жеңілрельсты көлік (ЛРТ - ред.) құрылысының аяқталуына арналған қаражат мәселесіне түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев: UGC
"ЖРК бойынша: барлық нормативтік-құқықтық актілер үкіметтік деңгейде және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазір екінші деңгейлі банктермен жұмыс жүргізілуде.

Біз сіздерге айтқандай, біз қытайлық қарыздан бас тартып, 800 млн доллар үнемдедік. Біз Ұлттық банкпен 500 млн (АҚШ доллары - ред.) 3%-дық үстемемен келістік.

Тағы 100 млн.-ға "Бәйтерек" холдингімен келістік. Бұл биылғы жылы жұмысты бастау үшін жеткілікті", - деді Көлгінов.

Жақын күндері, оның сөзінше, облигацияларды шығару басталады.

"Бұл процедураның бәрін өту қажет, біз күнде мұнымен жұмыс істейміз", - деп қосты әкім.

Естеріңізге сала кетейік, үкіметтің өткен отырысында елорда әкімі Алтай Көлгінов астанадағы ЖРК құрылысы бойынша жобаны оңтайландыру жұмысының өткені туралы әңгімелеген.

"Қабылданған шаралар бойынша бастапқы есептеуден қаражат үнемдеу 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Оның 800 млн АҚШ долларынан астамы қарызға қызмет көрсету бойынша үнемделді.

Сондай-ақ, жолаушылар ағынының ағымдағы жүктелуін ескере отырып, жылжымалы құрамның бір бөлігін 19-дан 12 бірлікке дейін қысқарту мүмкіндігі қарастырылады.

Бұл шара шамамен 40 млн АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, біз жеті тоқтайтын станциялардың санын қысқарту мүмкіндігін қарастырдық. 18 еді, енді 11 болды. Оған қоса, жаяу жүргіншілер мен жол асты жолын оңтайландыруды ұсынамыз. Бұл 110 млн дорлларды үнемеуге септігін тигізеді.

Бұл шаралар құрылыс-монтаждау жұмыстарына 350 млн долларды үнемдеуге көмектеседі", - деді сол кезде Көлгінов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810677-klginov-zer-sti-metrosyny-krylysyna-karazatty-kajdan-almaksy/

pixel